Блогтар
Неге қаржы орталығы - бұл қаржы туралы ғана емес?
19 маусым 2019
Айгерим Кушумбаева
Сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Жаһандық қалалардың тақырыбын жалғастыра отырып, олардың неғұрлым талқыланатын сипаттамасын – дамыған қаржылық және бизнес қызметтерін ашамыз. Қалада қаржы орталығының болуы қаржылық қызмет саласын ынталандыру арқылы экономикалық дамуға да, аралас секторлар арқылы өмір сүру сапасына да әсер ететін көлденең фактор болып табылады.
Брукингс институтының (Brookings Institution) атап өтуінше, қазіргі барлық жаһандық қалалар қаржылық және бизнес қызметтерінде жоғары қосылған құнға ие. Чикаго университетінің әлеуметтану профессоры Саския Сассен, «жаһандық қалалар» терминінің авторы, сондай-ақ, қаржылық қызметтер экономикалық байланыстарға үлкен қызмет ететінін көрсетеді. Нұр-Сұлтан қ. 2023 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қаржы саласын дамытудан басқа, қаржы орталығының болуы туристер мен резиденттерге қызмет көрсетуде, заң қызметтерінде, консалтингте, логистикада және транзиттерде, қонақжайлылық индустриясында және т. б. сұраныс жасау есебінен аралас салаларға мультипликативтік әсер етеді.
GFCI (Global Financial Centers Index) қаржы орталықтарының жаһандық рейтингі олардың даму факторларын қалыптастырудағы қаржы орталықтарының рөлін біріктіреді. Факторлар экономикалық (бизнес-орта, капиталдың болуы, индустриялық кластерлердің тереңдігі, инновациялар және т.б.), сондай-ақ көлденең (қала бренді, өмір сапасы, мәдени әртүрлілік және инфрақұрылым) болып табылады. Дәл осы көлденең факторлар кадрлық байланысты қамтамасыз ете отырып және қалалардың беделін арттыра отырып, қаржы орталықтарының стратегиялық бастамаларын дамыту үшін негіз жасайды.
Қаржы орталықтарының дамуына әсер ететін факторлардың алуан түрлілігін түсіне отырып, Астана халықаралық қаржы орталығы АХҚО Экспат орталығын, шетел азаматтарын қолдау жөніндегі бірыңғай терезені, халыққа қызмет көрсетудің жергілікті орталықтарының ұқсас түрін негіздеді. Дамудың жан-жақты стратегиялық бағыттарын қабылдай отырып, АХҚО 2019 жылы GFCI рейтингінде 61-ден 51-ге (102-ден) көтеріліп, Стамбул, Мәскеу, Лиссабон, Алматы және басқа қалалардың қаржы орталықтарын басып озып үлгерді.
Демек, қаржы орталықтарының стратегиялық дамуына көзқарасты іздестіру кезінде қаржылық және бизнес қызмет көрсету саласындағы бастамаларды қалаға шетелдік мамандарды тарту саласындағы қалалық билік бастамаларымен қоса атқару маңызды. Қалаға экспаттарды тарту үшін жағдай жасау тек шетел азаматтары үшін ғана емес, жергілікті халық үшін өмір сүру сапасының стандарттарын арттыруға, білім мен дағды алмасуды қамтамасыз етуге, қаланы қаржы және бизнес орталықтардың жаһандық желісіне біріктіруге мүмкіндік береді. Милан, Дубай, Абу-Даби және т.б. қаржы орталықтарының стратегияларының мысалдары орталық жетістігінің жартысы көлік инфрақұрылымын, қалалық ортаны дамыту, қала брендін қалыптастыру, экспаттарды жергілікті қоғамдастыққа біріктіру және басқа да қолдаушы салалар болып табылатындығын көрсетеді.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү