қаз

Блогтар

Экспорттық стратегия: сапа немесе сан?

2 тамыз 2019

site

Айгерим Кушумбаева

Сарапшы

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2446813665550990

Экономиканың өсуі үшін экспортты қолдау қажеттілігі күмән тудырмайды, бірақ оны дамытудың дұрыс бағытын айқындау стратегиялық тұрғыда маңызды. Баламалар көп емес - ресурстарды экспорттың санына (көлемін арттыруға) немесе сапасына (құрылымын «күрделендіруге») шоғырландыру.

Біз жылдам жауапты табу жолында дүние жүзі елдерін матрицаға (2017 ж.) орналастырдық:  

1. тігінен - экономикалық күрделілік индексі (Economic complexity index, ECI) арқылы өлшенетін «сапа» тігінен;

2. көлденең - «саны» - елдің жан басына шаққандағы экспорты (логарифм).

Қорытынды:
1. Экспорттың сапасы мен саны арасында оң арақатынастылық байқалады.
2. Елдердің географиялық топтасуы орын алады. Дамыған Еуропа оң жақ жоғарғы квадратта шоғырланған, онда сапасы және экспорт саны жоғары. Африканың қарама-қарсы диагоналында (Сахарадан төмен) екі өлшемде де ең аз мәні бар. Оңтүстік Америка және Орталық Шығыс Азия мен ТМД елдерінің көпшілігі, орташа сапа мен сан көрсеткіштері бар. Таяу Шығыс елдері қосымша шикізат экспорттаушылар төмен «күрделілік» жағдайында экспорттың ауқымды  көлемдерімен ерекшеленеді.

3. Қазақстан шартты трендтен төмен. Ағымдағы сапада ел айтарлықтай көлемді экспорттайды. Керісінше, ағымдағы көлемде экспортталатын тауарлар мен қызметтердің күрделілігі жеткіліксіз жоғары.

4. Белгіленген мақсат - оң жақ жоғарғы бұрыш. Жоғары сапа және үлкен көлем.
Қазақстанның ағымдағы жағдайы кезінде стратегиялық дұрыс бағыт экспорттың сапасын арттыру (оның «күрделенуі») болып табылады. Шикізат көлемін одан әрі ұлғайту кезінде (траектория Таяу шығыс жағына) күрделі өнімді «ығыстыру» және ECI құлау қаупі бар.

«Күрделі» экспортқа көшу әлемдегі дамыған бір топқа тезірек ауысуға мүмкіндік береді.

Түсініктеме:
1. Экономикалық күрделілік индексі ел әлемдік нарықта жеткілікті үлес алатын экспортталатын тауарлар номенклатурасы негізінде есептеледі.
2. Экспорт жан басына шаққандағы тауарлар мен қызметтерді қамтиды.

мақаламен
бөлісу

дерек
көздеріне
сілтеме

https://www.facebook.com/CenterResearchConsulting/posts/2446813665550990

барлығын көрү

Талдау

толығырақ

Блогтар

толығырақ

Жаңалықтар

толығырақ
site