Блогтар
Бизнеске арналған демография
26 мамыр, 2020
Алдияр Ауезбек
Сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
B2C сегментіндегі (тұтынушыға арналған бизнес) жетістікке жетудің басты факторы тұтынушылардың сұранысы болып табылады, ол кейбір жағдайда халықтың жергілікті жерлерде қоныстануының сандық мәніне байланысты болады. Бизнестің басты аудиториясының орналасқан орнын, демографиялық үрдістерін кешенді түрде түсінуі дұрыс стратегиялық, маркетингтік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін аса маңызды болып отыр.
Халық санына қатысты ең толық және қолжетімді деректер базасының бірі Қазақстан халқының аудандар мен қалалық әкімшіліктер (200 аумақ*) бойынша саны, жынысы және бес жылдық жас топтары бойынша динамикалық қатарды (мұнда 2009 және 2020 жж.басы пайдаланылады) жергілікті жердің типі (қала/ауыл) бойынша ақпарат қамтылады. Аталған деректердің бірін негіз ретінде алып, әр түрлі қорытындыға келуге, бизнесті қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге болады. Мысалы, қазіргі таңда қандай аудандар кеңею үстінде немесе қай жерлерде сұраныстың төмендеуі күтілуде?
Аудандар мен қалалардың бизнеске арналған демографиялық «перспективасы»
Аудандар мен қала әкімшіліктерінің (бұдан әрі-қалалар) демография тұрғысынан «перспективалылығы « халықтың санымен және оның артуы қарқынымен есептеледі. Бұл алдағы уақытта кеңейту үшін қандай нарықтардың біршама перспективалы екенін және қай жерде халықтың саны азайып, сәйкесінше, сұраныс төмендейтінін көрсетеді.
1-суретте аудандардың 4 квадрантқа бөлінгені айқын көрсетілген**. Бірінші квадрантта орналасқан (жоғарғы оң бұрыш) 37 аудан және қала біршама «перспективалы» нарықтарға жатқызылады. Аталған аудандарда халықтың өсу ырғағы оң бағытта артып отыр. Олардың басым көпшілігі республикалық және облыстық маңызы бар қалалар. Сонымен қатар, мұнда Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кейбір аудандары да қамтылған. Осы аудандар мен қалалар бизнес тұрғысынан біршама тартымды болып есептеледі, себебі мұнда сұраныс қазірдің өзінде салыстырмалы жоғары және ол келешекте де артатын болады.
Екінші квадрантта (оң жақ төменгі бұрыш) халық саны жоғары, алайда, өсу ырғағы теріс аудандар мен қалалар қамтылады. Олардың қатарына Түркістан облысының аумақтары: Түркістан қ.а., Төлеби және Сайрам аудандарын жатқызуға болады. Аталған аудандар бизнес үшін қысқа мерзімді кезеңде қалыптасқан үлкен нарықтар ретінде қызықты болуы ықтимал.
Үшінші квадрант (сол жақ жоғарғы бұрыш) халық саны аз, дегенмен, оң өсу қарқынымен ерекшеленетін аудандар мен қалаларды қамтиды. Оларға Қазақстандағы 61 аудан мен қала жатқызылған. Олардың қатарында ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысының Түпқараған және Бейнеу аудандарында және Ақмола облысының Целиноград ауданында орын алып отыр. Осы аудандар бизнес үшін орта мерзімді кезеңде тартылыққа ие болып отыр. Бұл бизнесті параллель кеңейту немесе халықты аз мөлшерде қамту арқылы бизнес жоспарлармен байланысты болуы мүмкін.
«Перспективалылығы» ең төмен дәрежедегі аудандар мен қалалар төртінші квадрантта (сол жақ төменгі бұрыш) берілген. Мұнда халықтың саны кему үстіндегі шағын аудандар шоғырландырылған. Осы квадрантта аудандар мен қалалардың ең жоғары саны - 99 аудан мен қала жинақталған. Бизнес осы аталған аудандарда жұмыс жасау барысында болашақта сұраныстың әлеуетті төмендейтінін ескеруі тиісті.
Қазақстан картасындағы «перспективалылық»
Кейбір тауар және қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты оларды қашықтықтағы нарықтарға шығару мүмкіндігі шектеулі болады. Оның себебі жылдам бұзылатын тауарлар (мысалы, тағам өнімдері), қашықтаққа тасымалдардың рентабельді болмауы немесе бірнеше жеткізуші мен тұтынушының болуының қажеттілігі (мысалы, шаштараз) болуы ықтимал. Осының салдарынан, бизнес үнемі өткізудің «перспективті» аудандарын таңдауға мүмкіндік бермейді және қашықтық факторын ескере отырып, дұрыс шешім қабылдауы керек болады.
Қазақстанның аудандары мен қалаларының картасына «перспективалылық» матрицасын түсіру барысында (2-сурет) кеңістіктік трендтер байқалады.
- Түркістан және Алматы облыстарының кейбір аудандарының деректері (сұр түсті) 2018 жылы әкімшілік бөлінгенге дейін аудандарымен біріктірілген.
Бірінші кезекте, ел аумағында ашық түспен көрсетілген «перспективті» нүктелер - қалалар болып табылады. Екіншіден, Алматы қаласы (елдің оңтүстік-шығысында) және Шымкент қаласы (оңтүстікте) маңындағы аудандардың «перспективасының» жоғары деңгейі байқалады.
Үшіншіден, «перспективасының» орташа деңгейі байқалатын барлық аудандар (теріс трендтерде халықтың саны жоғары және оң трендтерде халықтың саны аз) Оңтүстік доғаның бойында шоғырланған (оңтүстік-батысты қоса алғанда). Себептерінің бірі, аталған аудандарда туу көрсеткіші жоғары.
Төртіншіден, «перспективасы» ең төмен аудандардың басым көпшілігі Ресеймен шектесетін облыстарда орналасқан. Бұл туудың салыстырмалы төмен деңгейімен және халықтың миграциясының қарқынды болуымен байланысты. Аталған аймақтардағы бизнесмендер үшін жақын орналасқан ірі қалалардың (Саратов, Самара, Орынбор, Челябинск, Омск, Новосибирск) көп болуы ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік нарықтарына шығу мен Ресейдің шекара маңындағы аймақтарға экспортты қарастыру қажет.
* әкімшілік шекаралардың өзгеру түзетулерін және Республикалық маңызы бар қалалар аудандарының біріктірілуін ескеріп
** халық санының басымдығының шегі – 100 мың адамнан артық; орташа жылдық өсу қарқынының басымдығының шегі – жылына 0% артық.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү