Блогтар
Қазақстанда кәсіпкерлер жеткілікті ме?
3 шілде 2020
Алдияр Ауезбек
Сарапшы
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
Экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығы халықтың кәсіпкерлік белсенділігімен байланысты, өйткені кәсіпкерлік жұмыс орындарын құрады, халықты кірістермен қамтамасыз етеді және тұтынушылардың түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандырады. Осы мақаланың мақсаты - негізгі сұрақтарға жауап беру: Қазақстандағы кәсіпкерлік белсенділік деңгейі жеткілікті ме? және өңірлер мен аудандар бойынша айырмашылықтар бар ма?
Кәсіпкерлік белсенділіктің жанама көрсеткіштерінің бірі экономикалық белсенді халықтың (жұмыс күшінің) 1000 адамына келтірілген «бизнес-салаларда» (ЭҚЖЖ: 5-82 ЭЫДҰ сәйкес) жұмыс істейтін кәсіпорындардың (заңды тұлғалар, филиалдар және жеке кәсіпкерлер) саны болып табылады. Бұл тәсіл әртүрлі демографиялық құрамды ескере отырып, өңірлерді барабар салыстыруға мүмкіндік береді («Бизнеске арналған демография» мақаласы) (барлық халық үшін классикалық есептеуден айырмашылығы тек еңбекке қабілетті ересек халық ғана ескеріледі).
Қазақстандағы орташа кәсіпкерлік белсенділік 1000 адам жұмыс күшіне шаққанда 94,6 кәсіпорынға тең (2020 ж. деректер). 17 өңірдің тек 7-уі ғана ел бойынша орташадан жоғары мәнге ие (1-сурет).
Белсенділіктің өңірлердің жұмыспен қамту бойынша мамандануына байланысты ерекшеленуі сияқты заңдылық анықталады («Еңбек нарығының құрылымы ел экономикасының даму деңгейін қалай көрсетеді» блогы).
Ең жоғары мәндер Нұр-Сұлтан (192,0) және Алматы (152,8) ққ. байқалады, олар бизнес-қызметтерге маманданған. Сондай-ақ, Шымкент қ. (108,3) жоғары мәндер байқалады .
Жоғары және орташа көрсеткіштер өнеркәсіптік өңірлерде байқалады. Атырау, Маңғыстау, Қарағанды және Ақтөбе облыстары жоғары мәндерге ие. Орташа мәндер (75-94, орташа республикалық деңгейден төмен) БҚО, Павлодар, ШҚО және Қызылорда облыстарында байқалады.
Ең төменгі мәндер елдің оңтүстігі мен солтүстігінде орналасқан ауыл шаруашылық өңірлерінде: Түркістан (52,3), Алматы (55,2), Жамбыл (64,1), СҚО (70,4), Ақмола (72,8), Қостанай (74,5) облыстары.
Аудандар мен қалалық әкімшіліктер деңгейінде (ӘАОЖ 4-белгі) белсенділік картасы өзгереді (2-сурет). Кәсіпкерлік белсенділік облыстар деңгейінде біркелкі емес және белгілі бір жерлерде ғана жоғары көрсеткіштерге ие.
Мәселен, 203 орынның 23-і ғана орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары (94,6). Оның 20-сы қалалық әкімшіліктер болып табылады.
Жоғары көрсеткіштері бар үш аудан: Бөрлі ауданы, БҚО (103,7), Жылыой ауданы, Атырау облысы (102,8), Қарақия ауданы, Маңғыстау облысы (98,7). Барлық үш ауданда өнеркәсіп кәсіпорындары бар, олардың айналасында қызметтер мен тауарларды жеткізуші компаниялар құрылады.
Қорытындылар:
1. Қазақстанның көптеген өңірлері мен аудандарында жұмыс орындарының, тұрақты табыстардың, жеке инвестициялар мен инновациялардың көзі болып табылатын кәсіпорындардың «сыни массасы» қалыптаспаған.
2. Көп жағдайда өткізу нарықтары мен құзыреттері шоғырланатын қалалық әкімшіліктерде жоғары белсенділік байқалады.
мақаламен
бөлісу
дерек
көздеріне
сілтеме
барлығын көрү